«Астанаға» Ақтаудағы ойын еш қиындық тудырған жоқ
Қазақстан премьер-лигасының 19-турында елорданың "Астана" клубы Ақтауда "Каспийді" оңай жеңді.
Матчтың 29-минутында Абат Айымбетов елордалық команданы алға шығарды. 65-минутта Талғат Көсепов есепті еселеді. Ал 95-минутта Педро Эуженио кездесудің нүктесін қойды.
«Каспий» (Ақтау) – «Астана» (Нұр-Сұлтан – 0:3
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ), Мақсат Тәйкенов, Ерлан Қадырбаев, Тарас Бондаренко, Павел Киреенко (Әлішер Сүлей, 75) – Думан Нәрзілдаев (Еркебұлан Нұрғалиев, 45), Никола Цуцкич, Шафик Тигруджа (К) (Алмас Арменов, 75), Рати Ардазишвили (Руан Телеш, 67), Рубен Бриджидо, Иван Пешич;
«Астана»: Александр Заруцкий (қ),Тимур Досмағамбетов, Талғат Көсепов, Михаил Габышев, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев, Брайан Сильва, Килан Лебон (Абзал Бейсебеков, 62), Педро Эуженио, Марин Томасов (к) (Даниил Бескоровайный, 89), Абат Айымбетов (Владислав Прокопенко, 79);