«Шахтерге» рестартты сәтті өткізіп жатыр
Қазақстан премьер-лигасының 19-турында Қарағандының "Шахтері" сырт алаңда "Ақжайықтан" басым түсті.
Бірінші тайм соңында қонақтардан Роман Муртазаев мергендік танытты.
Екінші кезеңде 75-минутта Тимур Чогадзе есепті 2:0-ге жеткізді. Бұдан кейін 84-минутта «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий 11 метрлік нүктеден Тома Табатадзенің соққысын қайтара білді. 90-минутта «Ақжайықтан» Виталий Приндета есепті қысқартқанымен, «Ақжайықтың» одан әріге шамасы жетпеді.
Осылайша, 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Шахтер» 30 ұпай жинап, көш басындағыларға жақындай түсті.
«Ақжайық» – «Шахтер» – 1:2
«Ақжайық»: Степан Сикач (қ), Бауыржан Омаров (Ардақ Сәулет, 46), Виталий Приндета, Сергей Шустиков (к) (Амир Билали, 62), Павел Назаренко – Максим Каленчук, Лука Имнадзе, Петрос Аветисян, Завен Бадоян (Александр Вульфов, 46), Артур Газданов (Эльдар Абдрахманов, 86) – Оралхан Өміртаев (Тома Табатадзе, 63);
«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) (к),Джордже Чосич, Александр Позняк, Стефан Букорац (к), Мирам Сапанов, Филип Глигоров, Роджер Каньяс, Фархат Мұсабеков, Евгений Кобзарь (Тоқтар Жаңғылышбай, 90+1) – Роман Мұртазаев (Темур Чогадзе, 72), Иван Свиридов (Айдос Тәттібаев, 83);