Футбол

Тағы да 1:0. «Ақтөбе» екінші орындағы «Астанадан» 5 ұпайға ұзап шықты

Қазақстан премьер-лигасының 20-турында көшбасындағы "Ақтөбе" өз алаңында "Тараздан" басым түсті.

Матч Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 72-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Сердер Сердеров соқты.

Сөйтіп, «Ақтөбе» екінші орындағы «Астанадан» 5 ұпайға ұзап шықты.

«Ақтөбе» – «Тараз» – 1:0

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов, Юрий Логвиненко (к), Руслан Камболов (Артурас Жулпа, 40), Эрнест (Виталий Балашов, 46), Бауыржан Байтана (Рамазан Оразов 64), Рожерио Шина (Максим Самородов, 90+2) – Жерар Гоу (Сердер Сердеров, 64);

«Тараз»: Денис Кавлинов (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани (Жалғас Жақсылықов 75), Берік Айтбаев (К), Нурлан Даиров, Әділет Кеңесбек – Милен Гамаков (Ерсұлтан Қалдыбеков, 83), Абзал Таубай (Қуаныш Қалмұратов, 83) – Дінмұхамед Қараман (Марат Шахметов, 75), Жақып Кожамберді (Максим Дегтярёв, 22), Абылайхан Жұмабек;

Басқа жаңалықтар

Back to top button