Қостанайда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды.
Жеке-командалық деңгейдегі аламан Күш қолданылатын спорт түрлері академиясында өтіп жатыр.
Жарыс 29 қыркүйекте аяқталады. Аламанның соңғы күнінде бәсекеге 89, 96, 102, 109 және 109 келіден жоғары салмақтағылар түседі.