«Ақжайық» пен «Тұран» тең тарқасты
Қазақстан премьер-лигасының 2-турдың кейінге шегірілген ойынында "Ақжайық" пен "Тұран" Оралда тең тарқасты.
Бірінші таймда оң қанаттан өрбіген шабуылдан кейін 21-минутта «Тұранның» қорғаушысы, Беларусь легионері Андрей Залеский өз қақпасына гол соғып алды. 29-минутта түркістандық Самир Фазли айып добын орындағаннан кейін таразы басы теңесті – 1:1.
Екінші таймда қонақтар сапында дөрекі ойнаған Михаил Башилов 68-минутта алаңнан қуылды. Бұдан кейін алаң иелері қанша тырысқанымен, ештеңе шығара алмады. Қорытынды есеп – 1:1.
Келесі турда «Ақжайық» 9 қазанда сырт алаңда «Мақтааралмен», «Тұран» «Шахтермен» ойнайды.
«Акжайык» – «Туран» – 1:1
Голы: Андрей Залеский 21 (автогол) – Самир Фазли 29
Предупреждения: Бекзат Имангазеев 90+5 – Михаил Башилов 10, Тимур Рудоссельский 50, Олжас Керимжанов 54, Жо Сантос 57, Андрей Залеский 83, Ержан Токотаев 90+4
Удаления: Михаил Башилов 69
«Акжайық»: Степан Сикач (В) – Бауыржан Омаров, Виталий Приндета, Сергей Шустиков (К), Эльдар Абдрахманов (Бекзат Иманғазеев 76) – Максим Каленчук, Лука Имнадзе, Завен Бадоян, Петрос Аветисян, Артур Газданов (Илья Коваленко 76) – Оралхан Оміртаев;
«Тұран»: Ержан Токотаев (Қ) – Лев Скворцов, Тимур Рудосельский, Олжас Керімжанов (К), Андрей Залеский – Михаил Башилов, Олег Евдокимов, Шохан Абзалов (Артем Гуренко 70), Бекзат Қабылан (Қасымжан Тайыпов 64), Жо Сантос (Темірлан Әміров, 64) – Самир Фазли;
Төрешілер: Чеховский Георгий (Астана), Дауанов Ардақ (Алматы), Советханұлы Дулат (Семей).