Футбол

«Тобыл» күмәнді пенальтидің арқасында «Ақтөбеден» басым түсті

Қазақстан премьер-лигасының 23-турының орталық матчында "Тобыл" өз алаңында көш басында келе жатқан "Ақтөбеден" басым түсті.

Бұл ойында жанкүйерлер мен спорт мамандары тараздық төреші Сәкен Байымбеттің әрекетіне наразы. Ол 82-минутта «Ақтөбе» қақпасына күмәнді пенальти белгіледі. Сонымен қатар Серікжан Мұжықовқа екі рет тепкізді. «Тобыл» алғашқы мүмкіндігінде мүлт кеткен болатын.

«Тобыл» – «Ақтөбе» – 1:0

Голдар: Серікжан Мұжықов 82 (пенальти)

«Тобыл»: Тимур Акмурзин (В) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Багдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген, Серікжан Мұжықов (К) – Айбар Жақсылыков (Владислав Васильев 90+2), Зоран Тошич, Серж Дебле (Игорь Сергеев 73);

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (Қ) – Әділхан Таңжарықов, Артурас Жулпа (К), Әлібек Қасым, Владимир Гинаитис – Йоахим Адукор, Рамазан Оразов, Бауыржан Байтана, Арман Кеңесов, Максим Самородов – Жерар Гоу;

Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Калачев Сергей (Атырау), Филоненко Дмитрий (Тараз).

Басқа жаңалықтар

Back to top button