Велоспорт

Алина Саркулова маунтинбайктан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Алина Саркулова Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында қола медаль иегері атанды.

Қазақстандық спортшы 16.45 шақырым болатын кросс-кантриді бір сағат, 30 минутта жүріп өтті. Қытайлық Хунфэн Ли мəреге 1-ші келсе, оның отандасы Кайча Ма күміске қол жеткізді. Айта кетейік, бұл Олимпиада бағдарламасына кіретін жарыс түрі.

Осымен Қазақстан құрамасы қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Денис Сергиенко 23 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлде еншілесе, алғашқы күні командалық эстафетада Ұлттық құрама чемпион атанған.

Жалпы ертең аяқталатын Азия чемпионатына 17 елден 200-ден астам велошабандоз қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button