Журналистер арасында Мәжілістің кубогы өтті
Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астана қаласында шағын футболда БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті.
«Астана-Арена» стадионында өткен республикалық теңбіл допқа өңірлерден келген журналистерден 20-дан астам команда қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі сөз сөйлеп, Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталды. —Арайлы азаттығымыздың, тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған Республика күнімен құттықтаймын. Осындай ұлы мереке қарсаңында турнирді ұйымдастыруға бастамашылық жасаған Мәжіліске, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс білдіремін. Біз журналистер қауымы жарыса отырып, жарасамыз. Доп таластыра отырып, табысамыз. Бүгінгі турнир достықтың белгісі болады, – деді Д.Қыдырәлі.
Финалда «Хабар» Агенттігі мен Шығыс Қазақстан облысы кездесіп, пенальти сериясында «хабарлықтар» басым түсті. Ал қола жүлде үшін өткен ойында «Қазмедиа» жігіттері Талдықорғаннан келген «Қарекет»
командасын жеңді.