Футбол
Станимир Стойлов Қазақстан футболына оралуы мүмкін
Болгариялық жаттықтырушы Станимир Стойлов келесі жылы қазақстандық клубтардың бірін басқаруы мүмкін.
«Ақтөбеде» басшылық ауысқан жағдайда Стойловтың өкілдері оның осы клубта жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Қазіргі уақытта 55 жастағы Стойлов Софиядағы «Левскийді» басқарады, ол 18 турдан кейін кестеде алтыншы орында, топ басындағы ЦСКА-дан 15 ұпайға артта қалған.
Айта кетейік, 2014-18 жылдар аралығында болгариялық маман «Астананы» жаттықтырған, сонан соң жарты жыл Қазақстан құрамасында бас бапкер қызметін атқарды.