Қазақстан құрамасы екінші жолдастық кездесуде жеңілді
Футболдан Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларының жолдастық кездесуі аяқталды.
Екі команда бұған дейін 22 жыл бұрын кездескен еді. Содан бері құрамалар жолы түйіскен жоқ. Ол кезеңде қазақстандық футболшылар Азия құрлығында доп тебетін. Биыл Еуропада сынға түсіп жүргеніне жиырма жылдан асты.
Кездесу барысында БАӘ құрамасының ойыншылары белсенді бастады. Нәтижесінде 13-минутта олардың қатарында Фабио Лима есеп ашты. Қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар белсенді қимыл көрсете бастады. Ойынның 62-минутында ел құрамасынан Абат Айымбетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ал Фабио Лима 71-минутта қайтадан БАӘ құрамасын алға шығарды.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
БАӘ – Қазақстан – 2:1
Голдар: Фабио Лима, 13, 71 – Абат Айымбетов 62
Алаңнан қуылды: Александр Марочкин, 79
Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген (К), Исламбек Куат, Бактиёр Зайнутдинов, Эльхан Астанов – Абат Айымбетов;
Резерв: Александр Заруцкий (Қ), Данил Устименко (В) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Михаил Габышев, Сұлтанбек Астанов – Бауыржан Исламхан, Максим Самородов – Артур Шушеначев, Айбар Жақсылықов, Абылайхан Жұмабек;