Футбол

Қазақстан футболды Индонезиямен бірлесіп дамытпақшы

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Индонезия Спорт және жастар саясаты министрлігінің Шри Ваниуни бастаған делегациясымен, сондай-ақ Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесу өткізді.

ҚФФ кеңсесінде өткен кездесуде тараптар Индонезия мен Қазақстанда футболды дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.

Спорттық медицина саласында тәжірибе алмасу және спорттық құрал-жабдықтар өндіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, әртүрлі жас арасындағы ұлттық құрамалар арасында жолдастық матчтар өткізу мәселелері қаралды.

Федерация президенті Әділет Барменқұлов тараптардың спорт шеңберіндегі ынтымақтастығы зор әлеуеті бар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізеді деген үмітін білдірді.

Делегация басшысы Шри Ваниуни қазақстандық тарапын келесі жылы Индонезияда өтетін 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатына шақырды. Айта кетейік, бұл ФИФА-ның осы елде өтетін алғашқы турнирі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button