Футбол

Франция қатарынан екінші рет әлем чемпионатының жартылай финалында

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан құрамалар толық анықталды.

Ширек финалдың соңғы матчында Франция мен Англия кездесті.

Ел-Хаурдағы «Ел Байт» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен француздардың жеңісімен аяқталды. 17-минутта Орельен Чуамени есеп ашса, 54-ші минутта Харри Кейн пенальтиден есепті теңестірді. Дегенмен, негізгі уақыттың аяқталуына 12 минут қалғанда Оливье Жиру жеңіс голын соғып кетті.

Негізі ағылшынлардың таразы басын екінші рет теңестіретін мүмкіндігі болған. Бразилиялық төреші Вилтон Сампайо Франция қорғаушысы Тео Эрнандес алаңға тыңнан қосылған Мейсон Маунтты итеріп құлатты деп есептеп, 82-минутта екінші пенальтиді белгіледі. Алайда Х.Кейн бұл жолы допты аспанға тепті.

Осылайша, Англияны 2:1 есебімен сүріндірген Франция 14 желтоқсан күні финалға шығу үшін Мароккомен таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button