Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының екінші жүлдесі бұйырды

Боготада (Колумбия) ауыр атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті.

Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес қоссайыста 397 келі (жұлқа көтеруде — 185, серпе көтеруде — 212) көтеріп, жеңіске жетті. Екінші орынды қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы — 383 (174 + 209) иеленсе, колумбиялық Джор Морено — 380 (171 + 209) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл медаль әлем чемпионатындағы екінші медаль болды — бұған дейін Алексей Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button