Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика: Қазақстан әлемнің үздік сегіз құрамасының қатарына қосылды
Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы (World Athletics) 2022 жылғы маусымға арналған жүгіруден әйелдер арасындағы үздік командалардың рейтингін жасады7
Бірінші орында Ямайка 75 ұпай, ал 2-орында АҚШ құрамасы 74 ұпаймен тұрақтады. Үздік үштікті 60 ұпаймен Эфиопия құрамасы түйіндеді. Сегізінші орынды 12 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы иеленді. Өткен жылы әлем чемпионы атанған және 3000 метрге кедергілермен жүгіруден финалының жеңімпазы атанған Нора Джерутоның арқасында осындай нәтижеге жетті.