Футзал: “Қайрат” қатарынан 10 мәрте ел кубогын жеңді
Семейде футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтті.
Кеше жартылай финалда “Қайрат” экстра-таймда “Ақтөбеден” басым түссе, “Аят” пен “Рахмет” арасындағы матч тіптен драмаға толы болған.
Есеп 1:3 есебімен ұтылып жатқан Ақтөбенің жас командасы “Рахмет” ойын соңына дейін таразы басын теңестірген. Экстра-таймда екі команда бір-бір голдан соқты. Жеңмпаз пенальти сериясында анықталды. Шешуші кезеңге “Рахмет” жолдама алды.
Бүгін финалда “Қайрат” пен «Рахмет» ойнады. Есепті күтпеген жерде ақтөбеліктер сапынан Айсұлтан Жолдыбаев ашқан.
Одан кейін екі команда алма-кезек гол соғып, 3:3 болып тұрған. Сол сәтте “Қайрат” капитаны Дуглас Жуниор белсенді. Ол экстра-таймда дубль авторы атанды. Осылайша, «Қайрат» футзал клубы 2022 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды.
«Қайрат» (Алматы) — «Рахмет» (Ақтөбе) — 5:3 (1:1, 4:2)