Футзал

Футзал: Чемпиондар лигасында төртеудің финалына шыққандар анықталды

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы финалдық сатысында бақ сынайтын барлық команда анықталды.

Мұндай мүмкіндікке Португалияның «Бенфика» және «Спортинг», Испанияның «Пальма» және Бельгияның «Андерлехт» командалары ие болды.

«Төрттіктің финалы» 2023 жылдың 4/5 және 6/7 мамыр күндері өткізіледі. Аталған турнирдің ойын кестесі мен өтетін орны кейін анықталады.

Еске салсақ, алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық сатысында Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» клубымен 0:0 есебімен тең түссе, одан кейін Чехияның «Хрудим» мен Португалияның «Бенфика» командаларына 1:2 есебімен жол берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button