Басты

Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмады

Еліміздің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған 20 жастағы украиналық Марта Костюкке 7:6 (7:5), 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Дәл осы жарыста Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Анна Калинскаямен бірге чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушоваға 6:3, 5:7, 2:10 есебімен жол берді.

Осы Аделаидадағы АТР 250 жарысында Андрей Голубев пен Александр Недовесов алғашқы айналымда америкалық Макс Кресси – франциялық Альбано Оливеттиден ұтылып қалды – 6:7 (8:10), 6:7 (4:7).

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев (308 АТР) Таиландта өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Ол жапониялық Шо Шимабукуроға (264 АТР) есе жіберді – 4:6, 6:3, 4:6.

Басқа жаңалықтар

Back to top button