Теннис

Анна Данилина Аустралиядағы турнирден шығып қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Анна Данилина Аделаида WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Украиналық Анна Калинскаямен бірге жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина доданы екінші айналымнан бастады.

Қазақстандық-украиналық жұп чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушоваға 6:3, 5:7, 2:10 есебімен жол берді. Сағат жарымдай уақытқа созылған матч барысында А.Данилина мен А.Калинская 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары да 1 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Сөйтіп А.Данилина үшін жаңа жыл сәтсіз басталды.

Осы Аделаидадағы АТР 250 жарысында Андрей Голубев пен Александр Недовесов алғашқы айналымда америкалық Макс Кресси – франциялық Альбано Оливеттиден ұтылып қалды – 6:7 (8:10), 6:7 (4:7).

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев (308 АТР) Таиландта өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Ол жапониялық Шо Шимабукуроға (264 АТР) есе жіберді – 4:6, 6:3, 4:6.

Басқа жаңалықтар

Back to top button