Футбол
Елімізде алты футбол клубы өз жұмысын тоқтатты
Қазақстан чемпионатының алты бірдей клубы жұмысын тоқтатты.
2022 маусымының Бірінші лигасына қатысқан төрт команда жұмысын тоқтатты. Олардың екеуі КПЛ командаларының фарм-клубтары – «Тараз-Қаратау» және «Шахтер-Болат». Сондай-ақ Қаратаудың «Игілік» клубы мен Қызылорданың «Байқоңыр» клубтары да енді алаңда ойнамайды.
Екінші лигада Астанадан «Жас сұңқар» және Ақтөбеден «Aqtobe city» клубтары бір жыл ғана өнер көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатында төрт жаңа команда пайда болды: «Елімай» (Семей), «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісай» және Алматыдан AKAS.