Аралас жекпе-жек

Серік Сәпиевпен төбелескендер кешірім сұрады

Sever-Yug командасының мүшесі Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған арадағы жанжал үшін кешірім сұрады.

Құрметті қазақстандықтар, жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ережелерді бұзып, қателестім. Өз эмоцияларымды басқара алмадым. Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы. Мені ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіз. Ендігәрі қайталанбайды,  — деп айтты Зелимхан Мусиханов.

Гольцманның сөзінше, ол да эмоцияға беріліп, артық кеткен. 

«Менікі дұрыс болмады, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық қылығымыз үшін кешірім сұраймын. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтеймін. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне өзіміз кінәліміз. Болған жайт үшін кешіріңіздер», — деді жаттықтырушы.

Айта кетейік, жанжал Алматыда өткен Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойыны барысында болған. Sever-Yug командасының мүшесі Зелимхан Мусиханов Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданып, бұл боксшыға ұнамай қалған. Серік Сәпиев оппонентіне өзінің шағымын білдіріп, аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып, төбелесе жаздаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button