Аралас жекпе-жек

Асу Алмабаев октагонға қашан оралатыны анықталды

Dar Pro Team аралас жекпе-жек командасының бапкері Азиз Разыев өзінің шәкірті Асу Алмабаев жыл соңына дейін UFC-де екінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді 

Асу бізді тағы бір турнирге бастап баруға дайын, оның қалыпқа келуіне қарап көреміз. Қытайда айқас өткізуге мүмкіндік берсе, тамаша болар еді, – деді бапкер «Вестник ММА» парақшасына берген сұхбатында.

Қытайдағы UFC турнирі 9 желтоқсанға жоспарланған.

Лигадағы өзінің алғашқы жекпе-жегін Асу Алмабаев биыл тамызда Нэшвиллде өткізіп, АҚШ-та тұратын ямайкалық Оде Осборнды қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Осыдан соң қазақстандық файтердің жарақат алғаны белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button