Футбол

Қазақстан U-21 құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

17-24 наурыз аралығында Алматыда Қайрат Нұрдәулетов бастаған Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Жиын «Қайрат» футбол клубының жаттығу базасында болады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. Дайындық аясында біздің жігіттер екі жолдастық матч ойнайды. Бірінші қарсылас Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы болса, екінші команда кейін анықталады.
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов жиынға 25 ойыншыны шақырды:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»), Абдухалил Махмудов («Торрент», Испания);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Александр Мрынский, Егор Ткаченко, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Владислав Кравченко («Қайрат-Жастар»), Константин Горизанов («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Әділхан Добай («Мақтарал»), Әділет Садыбеков, Ғалымжан Кенжебек, Мирас Көбеев (барлығы – «Қайрат»), Жаннұр Көкеев («Қайрат-Жастар»), Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Тараз»), Ален Айманов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь), Давид Есімбеков («Жетісу»);

Шабуылшылар: Иван Свиридов («Шахтер»), Байжан Мәделхан («Муром», Ресей).

Бапкерлер штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button