Футбол
Сергей Малыйдың дисквалификация мерзімі қысқартылды
ҚФФ «Ордабасы» клубының өтінішін қанағаттандырды.
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің 2023 жылдың 7 наурызында қабылданған шешіміне байланысты «Ордабасы» футбол клубынан футболшы Сергей Малыйдың дисквалификация мерзімін қысқарту туралы өтініш түсті.
Тәртіптік-бақылау комитеті «Ордабасы» футбол клубының 2023 жылдың 9 наурызында жіберген өтініш қарастырып, келесі шешімді қабылдады:
– Тәртіптік регламенттің 32-бабына сәйкес «Ордабасы» командасының ойыншысы Сергей Малыйға қатысты санкцияны (екінші матчты өткізу құқығынан айыру) 2023 жылдың 14 наурызынан бастап алты ай сынақ мерзімімен ішінара тоқтату.