Футбол

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Астанада Қазақстан мен Словения құрамалары алғашқы кездесуін өткізді.

Матчтың алғашқы голын Максим Самородов соқты. Ол Ян Вороговскийдің пасын тиімді пайдаланды. Бірінші тайм жерлестеріміздің үстемдігімен аяқталды.

Ал екінші тайм басталысымен қонақтар сапынан Давид Брекало есепті теңестірді.  Жалпы, үзілістен соң Словения құрамасының ойыны түрленіп шыға келді. Шабуылды үдетіп, алаң иелеріне еш мүмкіндік қалдырмағандай. Сондай шабуылдардың бірін голға айналдырып та үлгерді: Зан Випотник қақпаны дәл көздеді. Осылайша құрамалар арасындағы алғашқы матч 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Айта кетерлігі, бұл жолы алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы шақыртылып, матчты стадионда отырып тамашалауға мүмкіндік алды.

– Қазақстан құрамасына әрқашан жанкүйерміз. Адиев келгелі құраманың ойынында жақсы жаққа өзгеріс байқалады. Топтан шықсақ деген үміт бар. Әрине, Словения, Дания секілді мықтылардың алдын орап кету қиын, бірақ жігіттерге аянып қалмаңдар деп тілегімізді айтқымыз келеді. Осы орайда ойынды алаңда отырып тамашалаудың әсері бөлек екеніне тағы бір көз жеткіздім. Бүгін Olimpbet біз секілді жандарға бар жағдайды жасап, мачты стадионда отырып көруге мүмкіндік алдық. Сондықтан Olimpbet ұжымының басшылығына, қызметкерлеріне еліміздегі футболдың дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді, – деді Жанат Қабдолла.

Басқа жаңалықтар

Back to top button