Футбол
Нұрәлі Әліп:Даниямен матчта барымызды саламыз
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Даниямен болатын ойын алдындағы баспасөз маслихатына қатысты.
– Ертеңгі ойынға өзіңіздің физикалық дайындығыңыз қалай?
– Қызыл қағаз алмаймын, оны нақты айта аламын. Әзербайжанмен болған ойында өзімді ұстай алмай қалдым. Ал ертеңге дайындығым жақсы, бапкер сеніп шақырғандықтан мен барымды саламын.
– Сіздің диагональ пастарыңыз бар екенін білеміз, «Зенитте» осы пастармен жұмыс істедіңіз бе? Шабуыл қорғаныстан басталатынын ескерсек, бапкерлер осы пастарыңызбен жұмыс жасады ма?
– «Зенитте» диагональ пастармен жұмыс жасадық. Иә, шабуыл қорғаныстан басталады. Өткен ойында бірінші таймда жігіттер жақсы ойнады, ертең сол сияқты жақсы ойнаймыз. Диагональ пастар болады, жалпы жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймын.