Футбол

«Астана» «Челсидің» бұрынғы ойыншысына ұсыныс жасады

«Астана» футбол клубы Швеция жасөспірімдер құрамасының орталық қорғаушысы Джозеф Коллиді сапына қосқысы келген.

Елордалық клуб 23 жастағы футболшыға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Expressen. Алайда «Челсидің» экс-ойыншысы Қазақстанға келуден бас тартқан. Ол мансабын «Висла» клубында жалғастырмақ.

Колли 16 жасында Лондондағы «Челси» академиясына ауысты. Онда ол төрт жыл өткізіп, жастар командасымен Англия жастар кубогын, сондай-ақ УЕФА жасөспірімдер лигасын жеңіп алды.

2019 жылдың жазында «Челсимен» келісімшарты аяқталған соң ол итальяндық «Кьевоға» ауысып, екі жыл ішінде бір де бір матчта алаңға шықпаған.  өткізбеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button