Футбол

«Астана» өз алаңында «Қайраттан» жеңілді

Күннің басты қаһарманы Жоао Паоло болды.

Премьер-лиганың 6-турында «Қайрат» «Астанадан» басым түсті.

Кездесу барысында алматылық клуб жылдам гол соқты. Елордалық қорғаушылар қателігін пайдаланып кеткен Жоао Паоло 3-минутта алматылық клубты алға шығарды. Алаң иелері таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде де елордалықтар барын салып бақты. Дегенмен бұдан түк шыққан жоқ. Есесіне 55-минутта Жоао Паоло есепті еселеді. Ал алматылық клубтан Дмитрий Сергеев 86-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайрат» сырт алаңда «Астананы» 3:0 есебімен басым түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button