Жеңіл атлетика
Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында екі медаль иеленді
Ташкентте жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Ташкентте жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында екі медаль иеленді, деп хабарлайды Қазақ спорты.
Өзбекстан астанасында 1500 метрге жүгіруден Болатбекқызы Аяна 4:36.75 нәтиже көрсетіп, екінші орынға тұрақтады.
Ал сырықпен 4,45 нәтижемен Балабин Максим қола медаль иегері атанды.