Футбол

Еркебұлан Сейдахмет құрамға неге ілікпеді? Бас бапкер жауап берді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 матчтарына арналған құрамға Еркебұлан Сейдахметтің неге ілікпегенін айтты.

Сейдахмет. Мен оның «Ақтөбемен» матчын көрдім. Өте жақсы ойын көрсетті. Бағыты дұрыс. Біз оның дарынды ойыншы екенін білеміз, бірақ оның карьерасында аз уақыт үзіліс болды. Бұл матчтар Сейдахметтің қайта оралғанының белгісі деп үміттенемін. Бұған дейін айтқанымдай, бір рет сәтті ойнаған немесе аяғы допқа тиген ойыншыны құрамға алмаймыз. Иә, ол маған ұнады. Оны кеңейтілген тізімге қосуға да болушы еді, бірақ мен оның аяқ алысын бағамдап көргім келеді және қыркүйекте өтетін матчтарға дейін өз деңгейін ұстап тұра алатынына көз жеткізгім келеді. Егер солай болса, онда қуана-қуана шақырамыз, — деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button