Футбол

Хорватия құрамасының қақпашысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Венгрияның «Диошдьер» клубының қақпашысы Карло Сентич карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

Metaratings.kz мәліметінше, қақпашыға қазір Шымкенттің «Ордабасы» клубы қызығушылық танытып отыр. Себебі клуб қақпашыларының бірі Мұхаммеджан Сейсен жақын арада саптан кетуі мүмкін.

22 жастағы Сентич – Хорватияның «Хайдук» клубының тәрбиеленушісі. Әртүрлі жас деңгейіндегі ұлттық құрамаларға тартылған.

Ал «Диошдьер» қатарында 2023 жылғы шілдеден бері өнер көрсетеді. Бұл маусымда ол Венгрия клубында 10 матч өткізді.

Transfermarkt қақпашыны 450 мың еуроға бағалаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button