Қысқы спорт

Азиада: қазақстандық керлингшілер алғашқы матчында жеңіліс тапты

Қазақстан B тобында өнер көрсетіп жатыр.

2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар басталды.

Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғады.

Біздің спортшылар топтық кезеңдегі алғашқы матчында Қытай құрамасымен кездесіп, сегіз эндтің қорытындысы бойынша 11:5 есебімен қарсыластарына жол берді.

Айта кетейік, Қазақстан B тобында өнер көрсетеді. Бұл топқа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай командалары кірген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button