БастыҚысқы спорт

Қазақстан делегациясы Харбиндегі Азия ойындарының аясынада АОК бас директорымен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры, әрі World Aquatics ұйымының басшысы Хусейн Аль Мусалламмен кездесу өткізді.

Ресми шара барысында Хусейн Аль Мусаллам қаңтар айында Астанаға жасаған сапары кезінде көрсетілген қонақжайлылық үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Харбиндегі қысқы Азия ойындарының ұйымдастырылу деңгейіне тоқтала отырып, ол 2011 жылғы Азия ойындарын өткізудегі Қазақстанның тәжірибесін ерекше атап өтті және еліміздің ірі халықаралық жарыстарды қабылдауға әлеуеті жоғары екенін айтты.

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Хусейн Аль Мусалламға көрсетілген сенім мен Қазақстанға жасаған сапары үшін алғыс білдіріп, кездесудің нәтижелі өткенін атап өтті.

«Біздің қызметіміздің басты бағыты – халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту. Азия Олимпиадалық кеңесін біз стратегиялық маңызды серіктес ретінде қарастырамыз, бұл ұйыммен бізде олимпиадалық спортты Азия құрлығында дамыту бойынша ортақ мақсаттар мен көзқарастар бар. Алда үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр», – деді Қазақстан ҰОК басшысы.

Кездесу соңында Хусейн Аль Мусаллам Қазақстан өкілдерін 11 шілде мен 13 тамыз аралығында Сингапурда өтетін су спортынан әлем чемпионатына құрметті қонақ ретінде шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button