Теннис
Теннис: Бейбіт Жұқаев — челленджер турнирінің жеңімпазы
Ол алғаш рет жұптық сында челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші жұптық сында Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
Жукаев украиналық Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич — франциялық Люка Санчеспен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақстандық украиналық жұп 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Бейбіт алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін Бейбіт Мысыр мен Астанада жұптық сында ITF M25 жарысында чемпион болған.