Қысқы спорт

Шаңғы: Азиада жүлдегерлері әлем чемпионатына қатысады

Әлемдік додаға 2025 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлері де кіретін 14 қазақстандық спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Норвегияның Тронхейм қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын шаңғышылар тізімін жариялады.

Әлемдік додаға 2025 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлері де кіретін 14 қазақстандық спортшы қатысады. Толық құрам:

— Надежда Степашкина

— Ксения Шалыгина

— Ангелина Шурыга

— Дарья Ряжко

— Камила Елғазинова

— Анна Мельник

— Олжас Климин

— Константин Борцов

— Святослав Матасов

— Наиль Башмаков

— Владислав Ковалев

— Ернар Нұрысбеков

— Федор Карпов

— Виталий Пухкало

Шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, қазақстандық шаңғышылар өткен Азия ойындарында төрт медаль жеңіп алды. Константин Борцов спринтте күміс жүлде иеленсе, Олжас Климин 10 шақырымдық жарыста қола жүлдегер атанды. Эстафетада әйелдер құрамасы екінші, ал ерлер құрамасы үшінші орын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button