
1/4 финалдық матчта қазақстандық теннисші америкалық София Кениннен (56 WTA) 6:2, 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Осылайша, Елена мен София арасындағы жеке кездесулердің есебі 3:0 болды.
Ойын 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 17 эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
Финалға шығу үшін Елена әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Мира Андреевамен кездеседі.