
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF турнирінің 1/16 финалында жеңіске жетті.
Бұл кезеңде 17 жастағы қазақстандық спортшы алжирлік Хамзат Регигаға қарсы ойнады.
Матч үш сетке созылды. Омарханов жалпы 4:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
1/8 финалда Әмір италиялық Лука Кастаньоламен кездеседі.