БастыКүрес

Ризабек Айтмұхан Алматыдағы турнирде Олимпиада чемпионына жол берді

Алматыда күрестен PWL-8 турнирі өтті.

Турнирдің шешуші белдесуінде қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездескен болатын.

Спортшылар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Снайдер 8:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, америкалық балуан бұл турнир аясында екі жекпе-жек өткізді. Бұған дейін ол ресейлік Константин Пшеничниковті жеңген болатын.

Сонымен қатар бүгін 76 келіге дейінгі салмақта Жәмиля Бақбергенова мен 86 келіде Азамат Дәулетбеков те боз кілемге шықты.

Жәмиля қырғызстандық Айпери Медетқызына жол берсе, Дәулетбеков беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button