Ауыр атлетика

2025 жылғы армрестлингтен әлем чемпионаты: қорытындылар және қазақ спортшыларының жетістіктері

Болгарияның Албена курортында 2025 жылғы 7–24 қыркүйек аралығында өткен XLVI әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бұл жарысқа әлемнің ең мықты спортшылары жастар, жасөспірімдер, мастерлер және ересектер санаттарында қатысып, көрермендерге тартысты әрі әсерлі кездесулер сыйлады. Соңғы жылдардағы ең ауқымды турнирлердің бірі болған бұл чемпионатқа елуге жуық ұлттық құрамалар қатысты.

2025 жылғы әлем чемпионатының медальдық есебі

Жалпы есеп бойынша жеңімпаз — Қазақстан құрамасы.

Отандық спортшылар әлемдік армрестлингтегі көшбасшы мәртебесін сенімді түрде дәлелдеді:  46 алтын, 40 күміс және 17 қола медаль (997 ұпай).

Екінші орын — Грузия (28 алтын, 12 күміс, 14 қола, 538 ұпай).

Үшінші орын — Түркия (22 алтын, 36 күміс, 14 қола, 719 ұпай).

Серіктес, SportQory – Спортты қолдау қоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button