Волейбол

Волейболдан Ресейдегі әлем чемпионаты өтпейді

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ресейді 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырды.

Волейболдан әлем чемпионаты биылғы жылдың 26 тамызы мен 11 қырүйегі аралығында Ресейдің он қаласында өтуі тиіс еді.

Алайда, Украинадағы соғысқа байланысты әлемдік федерация Ресейдегі доп додасын өткізбейтін болды.

Қазіргі таңда әлем чемпионатын қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда.

Back to top button