Волейбол

Сәбина Алтынбекова жаттығуды қайта бастағанын хабарлады

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жаттығуға оралды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

«Қайта қатарға қосылдым. Күтіңіздер», – деп жазды Алтынбекова Instagram-дағы парақшасында. Сәбина жүгіру жолағындағы дайындығынан үзінді салған.

Бұған дейін де Алтынбекова биылғы маусымда карьерасын жалғастыру туралы ойы барын айтқан.

Қазақстандық волейболшы соңғы рет 2019 жылдың шілдесінде «Казерта» клубының сапын толықтырды. Бірақ италиялық команда қатарында бір де бір ойын өткізген жоқ.

Back to top button