ВолейболСаламатты Қазақстан

БАҚ өкілдері волейбол ойнады

Спорттық іс-шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен MИИР PRESS CUP – 2022 турниріне республикалық БАҚ-тардан «Qazaqstan» РТРК, «Хабар» агенттігі, «Жетінші арна», «Еуразия – Бірінші арнасы», «Baq.kz» ақпараттық порталы, «Egemen Qazaqstan» және «Айқын» газеттерінің қыздар командасы қатысты.

Жеребе қорытындысы бо­йын­ша командалар екі топқа бөлініп, олардың жеңімпаздары финалда турнир кубогына таласты. Бас спорттық жүлде ақтық сайыста жеңіске жеткен «Qazaqstan» РТРК командасына бұйырды. Екінші орынды «Жетінші арна» қызметкерлері иеленді. Қола жүлде «Хабар» агенттігінің қоржынында. Жүлделі төртінші орын «Baq.kz» ақпараттық порталының аруларына тапсырылды. Жарысқа белсенді қатысқан «Еуразия – Бірінші арнасы» телеарнасы – «Көрермен көзайымы», «Egemen Qazaqstan» газеті – «Ең сүйкімді команда», «Ай­қын» газеті «Ең сұлу команда» аталымдарын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жарыс мақсаты – журналис­тер арасындағы достықты арттыру, Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау. Спорт­тық сайыс болғандықтан салам­атты өмір салтын насихаттау. Достық бар жерде – өсу бар, бірлік бар жерде – береке бар. Соны қолдап, бүгін осындай іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл жерде маңыздысы – жүлделі орын алу емес, осында келіп қатысу, бас қосып, бір-бірімен танысу. Біздің де ұйымдастырудағы мақ­сатымыз сол», деді ИИДМ бас­па­сөз хатшысы Жанжігіт Омар­хан.
Айта кетерлігі, турнирге Qazaq geophysics және Kazakhmys barlau компания­лары қолдау білдірді. Ұйым­дастыру жұмыстарына BAQ League журналистер лигасы ат­салысты. BAQ League БАҚ ұжымдары үшін тимбил­динг. Бұған дейін мини-футболдан тоғыз маусым және волейболдан чемпио­нат өткізген. Жалпы алғанда, BAQ League маусымдарына Қазақстанның түрлі өңірлерінен 50-ден астам БАҚ-тан 700-ден астам журналист қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button