Нора Джерутоның қанша сыйақы алатыны анықталды
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джерутоның әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.
Спортшыға 40 миллион теңге қаржылай сыйақы беріледі. Ал оның басым бөлігін, яғни 30 миллион теңгеден аса қаржыны ұйымдастырушы тарап табыстайды. Өйткені дүниежүзілік додада топ жарған спортшыларға 70 мың доллар сыйақы қарастырылған. Біздің елде заң талаптарына сәйкес оған 15 мың доллар, яғни шамамен 7 миллион теңге беріледі.
Еске сала кетейік, Нора Джеруто АҚШ-тағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Ол 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруде рекорд жаңартты. Яғни аталған аралықты 8 минут 53:02 секундта бағындырды. Осының арқасында ел қожынына ашық аспан астындағы әлем чемпионатынан алғашқы алтынды салды.
Нора Джеруто Кенияда туып, 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2022 жылы ол Қазақстан атынан әлем чемпионаттарына қатысуға ресми түрде рұқсат алды.