Басты

Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Дүбірлі дода АҚШ-та өтіп жатыр. 26 жастағы Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіруде алдына жан салмай, бұл қашықтықты 8:53.02 уақыт көрсеткішімен бағындырды. Осылайша ол әлем чемпионатының рекордын орнатты.

Нора Джеруто Кенияда туып, 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2022 жылы ол Қазақстан атынан әлем чемпионаттарына қатысуға ресми түрде рұқсат алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button