Футбол

Футзалдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Данияны жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Дания құрамасымен кездесті.

Кака шәкірттері сырттағы жеңілістен кейін даниялықтарды тізе бүктірді. Ойын Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп, Қазақстан құрамасының пайдасына 7:3 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының сапында Дуглас Жуниор, Ақжол Дарибай, Азат Вәлиуллин, Дамир Қайырбай, Дәурен Тұрсағұлов мергендігімен көзге түсті, сондай-ақ Дания ойыншысы Скотт-Расмуссен өз қақпасына автогол соқты.

Айта кету керек, 20 жастағы Дамир Қайырбай ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен екінші орында, көш басында Армения (10 ұпай) тұр.

Қазақстан – Дания – 7:3 (4:3)

Голдар: Расмуссен 1 (автогол), Дуглас 1, 7, Дәрібай 5, Валиуллин 27, Қайырбай 31, Тұрсағұлов 34 – Тұрсағұлов 2 (автогол), 10 (автогол), Касумович 5

Ескерту: Кнауб 37

Қызыл қағаз: Расмуссен 34

Қазақстан: Серіков, Дәрібай, Валиуллин, Лео, Дуглас – Сисенғалиев, Кнауб, Төреғазин, Сағындықов, Тұрсағұлов, Рашит, Карменов, Оразов (к), Қайырбай

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака

Дания: Рамс, М.Хансен, Йоссеф, Дагович, Расмуссен – Хенриксен, Муштак, Касумович, Фалк (к), О.Хансен, Йоргенсен, Соренсен, Гантжорн, Сванеборг

Бас бапкер: Николай Клейн Сааби

Бас төрешілер: Доминикас Норкус, Мантас Помекис, Ирмантас Капрашовас (бәрі – Литва)

06.02.2025, Астана, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. 3218 көрермен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button