Саламатты Қазақстан

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Шырайлы Шығыстың жалпы білім беретін мектептері арасында спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кеңінен таралған, яғни, қамтылған десем қателеспес едім. Өйткені, қызмет істейтін Өскемен қаласының жалпы білім беретін Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі өзінің жұмысын жылдар бойы тыңғылықты атқарып, барлық қалалық, облыстық спорттық іс-шараларға қатысып, нәтижелі орынды иелініп келеді. Мектебіміздің директоры Базарбек Омарғалиұлы Садықов аталмыш білім ордасында басшы қызметін атқарып қана қоймай, спортқа да зор көңіл бөлуде.

Атап айтқанда, спорт алаңдары мен спорт залына күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілді. Мектебіміз спорттық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жоғары деңгейде. Оған негіз ретінде жыл бойы өткізілетін спорттық іс-шараларды атап өткен орынды болар.
«…Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағытты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Мектебімізде жыл басында тұрақты «Ашық есік күні» – спорттық іс-шарамен, яғни, денсаулық күнімен басталады. Бұл күнде әр ата-ана мектепке келіп, мектепте қамтылған тегін спорттық секцияларға (волейбол, футбол, гандбол) балаларын жазып, олардың қатысуына рұқсат қағаздарын беріп, толық қатысуларын қамтамасыз етеді. Бұл секциялар қыркүйек айынан бастап маусым айына дейін тегін жүргізіледі. Осы ашық есік күні эстафеталық жарыстар мен марафон өткізіледі. Толық мектеп оқушылар мен ұстаздары қамтылады.
Жыл көлемінде қалааралық жарыстарға қатысу үшін мектепішілік мектеп лигасы аясында іріктеу жүргіземіз.
Құрама командалар жыл көлемінде волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, гимнастика, хоккей, шаңғы спорты, үстел теннисі, тоғызқұмалақ түрлерінен қалалық жарыстарға қатысады.
Соңғы жылдары пандемия оқушыларымыздың өмір салтына өзіндік түзетулер енгізді. Балалар өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне бастады. Өткізіліп жатқан іс-шараларға жауапкершілікпен қарап өз денсаулықтарын сақтап, өзгенің денсаулықтарына да қамқорлық жасай отыра жұмыс жүргізуде.

Гүлнафис Нұрхабанова,
Ахмет Байтұрсынов атындағы
орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Өскемен қаласы

Басқа жаңалықтар

Back to top button