Басқа спорт түрлеріСаламатты Қазақстан

Сурлимпиада ойындарында жүлде алғандарға 3,6 млрд теңге беріледі

Сурдлимпиадада жүлде алған Қазақстан спортшылары мен бапкерлер үшін сыйақыға 3,6 миллиард теңге бөлінеді.

Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарынан жүлделі оралған Қазақстан спортшыларына біржолғы төлем беру үшін Үкімет резервінен 3,6 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Мұндай деректер Мәдениет және спорт министрінің «Ашық» НҚА сайтында жарияланған тиісті қаулысында көрсетілген.
«Биыл Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушарға біржолғы төлемдер беру үшін ҚР Үкіметі резервінен 3 610 586 265 теңге мөлшерінде қаражат бөлінсін.
Қолданылып жатқан шаралар спортшылардың дайындығын жаңа деңгейге көтеруге және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар қаулыда Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына берілетін қаражат сомасы көрсетілген. Оған сай, ең қомақты сыйақы аталған турнирде І орын иеленген жеңіл атлет Фархад Кыстаубаевқа берілуі мүмкін – 110 652 500 теңге.
Ал ІІ орын үшін – 66 957 000 теңге, ІІІ орын үшін 32 585 250 теңге сыйақы тағайындалған. Ең аз мөлшердегі сыйақыны Сурдлимпиадада 6-орыннан көрінген төрт спортшыға беру жоспарланған. Олардың әрқайсысына ұсынылатын қаражат – 2,1 млн теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button