Шетел жаңалықтары

Модрич әлем чемпионатында бірегей нәтижеге қол жеткізді

Хорватия құрамасында барлығы Модрич 155 матчта ойнады

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич үш түрлі онжылдықта әлем чемпионаттарында да, Еуропа чемпионаттарында да ойнаған тарихтағы алғашқы футболшы болды.

Хорватия құрамасы Марокконың ұлттық құрамасымен кездескен Катардағы 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің 1-турында алаңға шыққаннан кейін Модрич осы бірегей жетістікке қол жеткізді.

37 жастағы хорват жартылай қорғаушысы төрт әлем чемпионатында (2006, 2014, 2018 және 2022 жылдары) және төрт Еуропа чемпионатында (2008, 2012, 2016 және 2020 жылдары) ойнады. Хорватия құрамасында барлығы Модрич 155 матчта ойнады, онда ол 23 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Модричтің ұлттық құрамадағы ең жоғары жетістігі – Ресейдегі 2018 жылғы әлем чемпионатының күмісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button