Жеңіл атлетика

World Athletics жобасы: Оралда оқушыларға арналған халықаралық спорт жобасы өтті

Бұдан бөлек мұғалімдер де қатысқан.

World Athletics ұйымының балаларға арналған халықаралық Kids Athletics жобасы Қазақстанның батыс өңірінде жалғасып жатыр. Бұл жолы ауқымды жоба Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында ұйымдастырылды.

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының мәліметінше, бастама елімізде балалар спортын дамытуға және жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттауға бағытталған. Жоба ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.

Оралға арнайы барған федерация мамандары мен Kids Athletics бағдарламасының сертификатталған лекторлары мектеп оқушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған арнайы курс өткізді.

Іс-шараға өңірдегі 120 мұғалім мен 50 оқушы қатысты. Қатысушылар жеңіл атлетиканың негізгі бағыттары бойынша теориялық дәрістер тыңдап, практикалық сабақтарға қатысты. Сонымен қатар оқушылар арасында шағын жарыстар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, өңірлерде бұқаралық спортты дамыту. Сондай-ақ мектептерде жеңіл атлетика негіздерін жүйелі түрде енгізуге басымдық беріліп отыр.

Kids Athletics бағдарламасы бүгінде әлемнің көптеген елінде жүзеге асырылып келеді. Жоба балаларды ерте жастан спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button