Олимпиада: қазақстандық шаңғышылардың нәтижесі белгілі
Бейжіңде шаңғы спортынан ерлер арасында классикалық әдіспен 15 км қашықтыққа жүру сайысы мәресіне жетті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Бұл сында жерлестеріміз Виталий Пухкало мен Евгений Величко бақ сынаған болатын. Жарыс нәтижесіне сәйкес, Виталий Пухкало мәре сызығын 25-ші, ал Евгений Величко 40-болып кесті.
Айта кетерлігі, жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты. Жеңімпаз атағы финляндиялық Ииво Нисканенге бұйырса, ресейлік Александр Большунов пен норвегиялық Йоханнес Клэбо екінші және үшінші орындарды бөлісті.
15 км, классикалық стиль. Алғашқы ондық:
1. Ииво Нисканен (Финляндия) – 37.54,8
2. Александр Большунов (Ресей) – 23,2
3. Йоханнес Клэбо (Норвегия) – 35,7
4. Ханс Кристер Холунн (Норвегия) – 49,8
5. Алексей Червоткин (Ресей) – 56,9
6. Пертту Хювяринен (Финляндия) – 1.05,4
7. Уго Лапалю (Франция) – 1.14,8
8. Йенс Бурман (Швеции) – 1.32,0
9. Илья Семиков (Ресей) – 1.39,9
10. Вильям Поромаа (Швеция) – 1.47,7.