БастыКүрес

Эльмира – Гран-При жарысының жеңімпазы!

Әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова Иван Ярыгин атындағы Гран-При турнирінде топ жарды.

Иван Ярыгин атындағы Гран-При бәсекесі жыл сайын Красноярск қаласында өтеді. Дәстүрлі турнирде биыл еліміздің еркін және әйелдер күресі құрамасы қатысты. Өкінішке қарай, жігіттер жағы жүлдесіз қайтты.
Әйелдер арасындағы сайыста 76 келіде ел намысын қорғаған Эльмира Сыздықова іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмеді. Жартылай финалда ол ресейлік Марина Силинаны сан соқтырды. Силина осы турнирде бас жүлдеден басты үміткер спортшылардың бірі болатын.
Финалдың белдесу қазақстандық бойжеткен үшін қиынға түскен жоқ. Басты бәсекелесін жартылай финалда жеңген Эльмира бас жүлде үшін болған белдесуде беларусь балуаны Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ойсырата жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button